1 сәуір - күлкі мен әзіл күні: аталмыш мерекені әлем елдері қалай атап өтеді
Күлкі күнінің пайда болуы жайлы аңыздар көп. Соның бірі, ежелгі гректер жер асты құдайы Аид Деметра құдайдың қызы - Прозерпинаны ұрлап әкетуімен байланыстырады, қанша іздесе табылмаған қыздың жер астынан шыққан дауысы жалған жаңғырық екен. Міне, сол көктем күнін алдау күні дейді гректер өз жазбаларында.
Сурет: flickr
1 сәуір - ешкімге сенбеңіз!
"Сәуір бойы-ешкімге сенбеңіз!"- бұл бір-бірімен ойнауға тырысқан адамдардың қолданатын ең танымал өрнегі. Көбіне-көп олар ешкімге зиян келтірместен, әсіресе, жұмыс арасында ойнайды:" сізді бухгалтер шақырады, өткен айда қосымша ақы төлеуді ұмытып кетіпті" немесе " бастық шақырып жатыр, сізге ашулы". Міне, осылай әріптестер өз арасында бой жазып, бір марқая күліп алады.
Әлем елдері күлкі күнін қалай атап өтеді:
Португалия: Бұл елде күлкі күні 1 сәуір емес, өйткені олар бұл күні ораза ұстайды. Португалиялықтар әдетте мерекені бір күн бұрын – бір-біріне ұн сеуіп атап өтеді.
Франция: Мұнда әзіл ретінде қағаз балықты адам арқасына жабыстырып кетеді және оны "сәуір балығы" деп атайды. Олай атау себебі, сәуір айында Францияның су қоймаларында жас балықтар пайда болады және олар оңай ауланатындықтан.
Үндістан: Үнді Холи мерекесін күлкі күнінің аналогы деп санауға болады. Олар оны 31 наурызда атап өтеді, бұл күні көңіл көтеру, әзіл айту, бір-біріне бояулар жағу және түрлі-түсті дәмдеуіштерді лақтыру әдетке айналған.
Сурет: freepik
Тарихты қалған қызықты оқиғалар:
- 1976 жылы Ұлыбританиялық астроном радио арқылы, 1 сәуірде сирек кездесетін аспан құбылысы – планеталар шеруі болатынын хабарлады. Юпитер, Плутон және Жер бір қатарға тұратынын, бұл бұрын-соңды болмаған гравитациялық күй екенін жеткізеді және дәл осы секундта секіре алған адам ұша алатынын айтады. Ал, 2 сәуірден бастап тыңдаушылар радиоға қоңырау шалып, ұшу туралы өз әсерлерімен бөлісе бастады.
- 1995 жылы Италияның Кавриаго қаласында орналасқан Лениннің металл бюсті сүтті ақ көз жасымен "жылады" деген ақпарат тарады. Италияның әртүрлі қалаларынан көрермендер жиналды, олар ескерткіштің көзінен сұйықтық ағындарын көре алды. Ал, шындығына келгенде, осы арқылы әзілкештер боялған суды нарыққа әкелді.
Күлкі күнін БАҚ өкілдері де атап өтеді:
Аталмыш мерекені, ақпарат тарату сала қызметкерлері де атап өтеді.
Мәселен:
- 1988 жылы 1 сәуірде КСРО – ның ең ірі газеттерінің бірі – "Известия" Диего Марадона 6 миллион долларға "Спартак" ойнауға көшкені туралы хабарлады. Ал, 2 сәуір күні басылым бұл әзіл екенін жазды, алайда әлемдік БАҚ бұл хабарды таратып үлгерді.
- 1957 жылы ағылшын тілшілері ағаштардан спагетти жасау мүмкіндігін айтса, араға сегіз жыл салып тағы бір журналистер тобы жақын арада теледидарлар иістерді таратуға қабілетті болады деп хабарлады. Ал, 2008 жылы теледидарда табиғатта ұшатын пингвиндер бар екендігі туралы сюжет көрсетті.
- Швецияда болса, 1962 жылы 1 сәуірде телеарна ақ-қара түсті теледидарды қалай жасауға болатынын айтты. Көптеген көрермен жаңалыққа сеніп, қайталап та көрген. Өкініштісі бұл жәй ғана "күлкі күніне" орай ұйымдастырылған ақпарат еді.