АШМ өкілі су басқан астық қоймалары иелеріне қандай көмек қарастырылғанын айтты
Сурет: freepik
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин су басқан астық қоймалары иелеріне мемлекет тарапынан қандай көмек қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, тұқымдық материалдар сақталған астық қоймаларын су басып жатқаны туралы хабарламалар бар. Осыған байланысты ол шаруаларға мынандай үндеу тастады:
"Су басу қаупі төнген жағдайда өз мүлкіңізді дер кезінде қауіп-қатерден қорғау өте маңызды. Әңгіме тек тұқым туралы ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникалары, жануарлар және қауіпсіз қашықтыққа тасымалдануы тиіс өзге де мүліктер туралы болып отыр".
Сондай-ақ ол 16 сәуірде республикалық ақпараттық штабта өткен брифингі барысында "Азық-түлік корпорациясы" ұлттық компаниясында, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы тәжірибе станцияларында алдағы егіс науқанына қажетті астық қоры жеткілікті екенін жеткізді.
"Азық-түлік корпорациясы зардап шеккен шаруаларға бөліп төлеу шартымен тұқым беруге дайын. Тұқымға қажеттілік туындаған жағдайда шаруалар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сенім телефондарына хабарласуы қажет", - деді ол.
Алдында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин су тасқыны салдарынан өлген мал құнын өтеу алгоритмі бар екенін, оған сәйкес мал иелері комиссияға өтініш жазуы міндетті екенін жеткізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript