Кентаулық оқушы қыз смартфон алу үшін жинаған ақшасын Құлсарыға көмек ретінде берді

су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2024 21:35 Сурет: видео скрині
Бүгін Гауhар Шәймерден "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол смартфон алу үшін ақша жинай бастаған, бірақ еліміздегі су тасқынынан кейін жоспары аяқ асты өзгерген. Оқушы қыз бар жиғанынын Құлсарыда зардап шеккендерге көмек ретінде берген.


"Құлсарыны көріп, қатты уайымдадым. Сосын анама "Құлсарыға берейінші" деп айттым, сөйтіп анам "Жарайды" деп, апарып бердік", - деді ол.

Гауhар Шәймерден смартфонсыз да қалмады. Ол  "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонының эфирінде өзі армандаған телефонды сыйға алды.

"Арманыма жеткеніме қуанып тұрмын. Мен бұлай береді деп ойламадым. Алғысымыз шексіз", - деді оқушы.



Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: