Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда кірістерді заңдастыру тәуекелдерін бағалау ережелері жаңартылды

Қазақстанда кірістерді заңдастыру тәуекелдерін бағалау ережелері жаңартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 17:00 Сурет: Zakon.kz
Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы 2024 жылғы 27 маусымдағы бұйрықпен кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын жаңа редакцияда бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережелерге жаңа ұғымдар қосылды:

қауіп-қатер – мемлекетке, қоғамға, экономикаға ықтимал зиян келтіретін іс-әрекет, адам немесе адамдар тобы, объект, қызмет. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мәнмәтінінде бұл ұғым қылмыстарды, қылмыскерлерді, ұйымдасқан қылмыстық топтарды, террористік топтарды және оларды, қолдайтын адамдарды, олардың ақша қаражаттарын, сондай-ақ олардың кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру бойынша іс-әрекетін қамтиды;

осалдылық - қауіп-қатер іске асырылатын сала не оны іске асыруға жәрдемдесетін немесе ықпал ететін нәрсе. Нақты сектордың, қаржылық өнімнің немесе кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мақсаттары үшін оларды тартымды ететін қызмет түрінің сипаттамалары мен ерекшеліктерін қамтиды;

салдарлар – кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерімен көрсетілген немесе келтірілген әсерді немесе зиянды білдіреді және қаржы жүйелері мен мекемелеріне, сондай-ақ экономикаға тұтас осы қылмыстық немесе террористік әрекетпен байланысты әсерді қамтиды;

Ережеде кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалауға қатысушыларды айқындайтын жаңа тарау пайда болды.

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне кешенді, жан-жақты бағалау жүргізу оған барлық мемлекеттік органдардың және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесіне кіретін өзге де ұйымдардың қатысуын көздейді делінген:

  • уәкілетті орган, атап айтқанда, кірістерді жылыстату, қылмыстық активтерді іздеу және қайтару саласындағы, терроризмді, есірткі бизнесін және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаржылық мониторинг, жедел талдау, превенция және талдау әзірлемелері саласындағы құрылымдық бөлімшелер, тергеу және жедел департаменттері;
  • Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
  • мемлекеттік органдар;
  • қаржы мониторингі субъектілері;
  • терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдауды және мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Тәуекелдерді бағалау мақсаты Қазақстан Республикасындағы кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қатерлері мен осалдықтарын айқындау, кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асырудағы кемшіліктерді анықтау болып табылады.

Тәуекелдерді бағалаудың негізгі міндеттері ел деңгейінде мыналарды түсіне білу болып табылады:

  • кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қатерлері туралы (ең өзекті қауіп-қатерлерді анықтау арқылы);
  • қылмыстық әрекетті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын негізгі әдістер туралы;
  • тәуекелге ұшырайтын және тиісті қылмыстық әрекетте ықтимал пайдаланылатын өнімдер және қызметтер туралы (және оларды ұсыну тәсілдері);
  • талап етілетін шаралар және оларды іске асырудың басымды тәртібі туралы.

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау 12 (он екі) айға дейін созылады.

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін одан әрі бағалау тәуекелдердің алдыңғы бағалауының басталған күнінен бастап 36 (отыз алты) ай өткеннен кейін жүргізіледі.

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау мақсатында уәкілетті орган кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі жұмыс тобын құрады.

Уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалауға қатысушылардан жұмыс тобына енгізу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар сұрайды.

Жұмыс тобының отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалауы үш кезеңді қамтиды:

  • деректерді жинау;
  • деректерді өңдеу және талдау;
  • тәуекелдерді бағалау.

Мемлекеттік органдар ақпарат болған жағдайда, осы Қағидалардың 1, 2, 3 5, 9-қосымшаларына сәйкес әрбір реттелетін сектор тұрғысында тәуекелдерді бағалауға арналған деректерді уәкілетті органның платформасында мемлекеттік органдардың жеке кабинеттерінде орналастыру арқылы уәкілетті органға жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 1 тоқсаннан кешіктірмей ұсынады.

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және сот органдары бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық мәліметтері негізінде қалыптастырылады.

Деректерді өңдеу және талдау

Уәкілетті орган барлық деректерді алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау үшін:

  • жиналған деректерді сәйкестігі мен толықтығы тұрғысынан салыстыру;
  • жиналған деректерді құрылымдау;
  • жиналған деректерді ранжирлеу арқылы жиналған деректерді өңдеуді жүргізеді.

Уәкілетті орган деректерді өңдегеннен кейін оларға 3 (үш) айдан 5 (бес) айға дейін созылатын талдау жүргізуді жүзеге асырады, оны жүргізу кезінде:

  • тәуекел көзін;
  • тәуекел сипатын;
  • тәуекелдің пайда болу ықтималдығын;
  • тәуекелдің салдарын анықтайды.

Уәкілетті орган жиналған деректерді талдау қорытындылары бойынша есеп қалыптастырады, онда:

  • тәуекелдердің сипатын, көзін, ықтималдығы мен салдарын сипаттау;
  • жиналған деректерді талдау нәтижелері қамтылады.

Қаржыландыру тәуекелдерін бағалау тәртібі

Жұмыс тобы есепті алған күннен бастап 3 (үш) айдан 5 (бес) айға дейін есепті қарайды және қауіп-қатерлерге, осалдылықтарға және тәуекелдерге мынадай деңгейлердің бірін береді:

  • "жоғары" - кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру саласында құқыққа қайшы әрекетті бірнеше рет жасау фактілері бар. Қылмыскерлердің құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға (техникалық, қаржылық және сол сияқты) дағдылары бар;
  • "орташа" - кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру саласында құқыққа қайшы әрекет жасау ұмтылысын немесе жасағанын көрсететін фактілер бар. Құқыққа қайшы әрекеттер жасауы қылмысты ашу және/немесе жазалау тұрғысынан қиынырақ. Қылмыскерлердің құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға дағдыларының (техникалық, қаржылық және сол сияқты) бар болуын көрсететін фактілер бар;
  • "төмен" - қылмыскерлердің кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты әрекетті жасауға ниеттенуін көрсететін фактілер жоқ. Қылмыскерлердің құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға дағдыларының (техникалық, қаржылық және сол сияқтылар) бар болуын көрсететін фактілер жоқ.

Жұмыс тобы тәуекелдің тиісті деңгейлерін қарау және беру қорытындылары бойынша кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау туралы қорытынды есепті құрастырады, онда:

  • тәуекелдерді бағалау сипаттамасы;
  • тәуекелдерді бағалау бойынша тұжырымдар;
  • тәуекелдерді төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау қорытындылары қамтылады.

Қауіп-қатерлер анықталған кезде жұмыс тобы мынадай өлшемшарттарды ескереді, бірақ олармен шектелмейді:

  • жасалған предикаттық қылмыстардың түрлері;
  • тиісті қылмыстық әрекеттің сипаты мен ауқымы;
  • қылмыстық әрекеттен түскен қылмыстық табыстың сомасы;
  • Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына қылмыстық кірістердің трансшекаралық ағындары;
  • шет елдерде жасалатын және Қазақстан Республикасында заңдастырылатын қылмыстардан түсетін кірістер сомасы;
  • Қазақстан Республикасындағы террористік әрекеттің сипаты мен ауқымы.

Осалдылықтар анықталған кезде:

  • басымды секторлар мен өнімдердің болуына;
  • жеделдетілген немесе анонимді операцияларды жүргізуге ықпал ететін өнімдердің/қызметтердің болуына;
  • қолма-қол ақшамен жасалатын операциялардың және трансшекаралық ақша қаражаттары аударымдарының кең таралуына;
  • онлайн қызмет көрсетуге;
  • клиенттер (заңды тұлғалар, жеке тұлғалар) түрлеріне;
  • іскерлік қатынастардың сипатына;
  • жоғары тәуекелді ұсынатын клиенттердің бар болуына;
  • жоғары тәуекелді географиялық аймақтардағы клиенттік базаға (Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының ұсынымдарын орындамайтын мемлекеттер мен аумақтар, офшорлық аймақтар, террористік белсенділігі жоғары аймақтағы мемлекеттер);
  • резидент емес клиенттердің бар болуына;
  • қызығушылық тудыратын өңірлерден (жоғары сыбайлас жемқорлық, терроризм деңгейі бар мемлекеттер) клиенттердің бар болуына;
  • клиенттерге тиісінше тексеруді жүзеге асыруға;
  • хабарламаларды жолдау бойынша шаралардың ағымдағы жағдайына;
  • ішкі бақылау шараларының бар болуына;

Уәкілетті орган қорытынды есепті алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалауға қатысушыларға келісуге жолдайды.

Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалауға қатысушылар қорытынды есепті алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ескертулер мен ұсыныстар жібереді не олардың жоқтығы туралы хабарлайды.

Уәкілетті орган есептің қорытынды жария нұсқасын Ведомствоаралық кеңес мақұлдағаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми Интернет-ресурсының ашық бөлігінде орналастырады.

Есептің қорытынды жабық нұсқасы кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалауға қатысушыларға жолданады, сондай-ақ уәкілетті органның платформасында қаржы мониторингі субъектілерінің жеке кабинеттерінде орналастырылады.

Бұйрық 2024 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: