Отбасылық дебоширлерге емханаларда психологиялық көмек көрсетіледі
Ережелер келесі терминдерді анықтайды:
- психологиялық көмек – мыналарға: психикалық және соматикалық денсаулықты қолдауға, психикалық дамуды оңтайландыруға, өмір сүруге бейімдеуге және өмір сүру сапасын арттыруға, оның ішінде адамның өз мүмкіндіктерін жандандыру арқылы арттыруға ықпал ететін, адамға психологиялық проблемалардың алдын алуға, оларды шешуге, өмірлік қиын және дағдарысты жағдайлар мен олардың салдарын еңсеруге жәрдемдесуге; адамдарға психологиялық проблемалардың себептері, олардың алдын алу және оларды шешу тәсілдері туралы ақпарат беруге; тұлғаны дамытуға, оның өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі танытуына бағытталған іс-шаралар кешені;
- психологиялық проблема - адамның өзіне, өзінің қызметіне көңілі толмауынан, тұлғааралық қатынастардан, отбасындағы жағдайдан және (немесе) жеке өміріндегі басқа да проблемалардан туындаған ішкі жайсыздық жай-күйі.
Психологиялық көмек денсаулық сақтау ұйымдарында әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамдардың (бұдан әрі – ӘҚҚБКЖ) мінез-құлқын түзету және профилактикалау мақсатында көрсетiледi.
ӘҚҚБКЖ адамдарға психологиялық көмек көрсету мынадай міндеттерді қамтамасыз етеді:
- деструктивтік (күш қолдана отырып) мінез-құлықтың салдарларын түсіну;
- деструктивтік (күш қолдана отырып) мінез-құлқын өзгертуге мотивация қалыптастыру;
- өзі және айналасындағылар үшін деструктивтік (күш қолдана отырып) мінез-құлық әрекеттерінің әкімшілік, әлеуметтік және экономикалық салдарын түсіну;
- деструктивтік (күш қолдана отырып) мінез-құлықты психологиялық түзету. Психологиялық түзету психологиялық әсер етудің арнайы құралдарын қолдану арқылы адамның психологиясындағы немесе мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзетуге бағытталған.
- күйзелісті еңсерудің психологиялық тәсілдеріне және эмоционалды бақылау дағдыларын дамытуға оқыту;
- күш қолдануға жол бермейтін проблемалар мен шиеленістерді баламалы түрде шешу дағдыларын дамыту.
ӘҚҚБКЖ адамдарға психологиялық көмек көрсету шаралары күшіне енген сот актісінің негізінде жүзеге асырылады.
Психологиялық көмек көрсету үшін қарсы көрсетілімдер мыналар болып табылады:
- стационарлық емдеуді қажет ететін аурулардың;
- инфекциялық аурулардың болуы ӘҚҚБКЖ адамдарға психологиялық көмек көрсету шараларын жүзеге асыруға қарсы көрсетілімдер болып табылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары ӘҚҚБКЖ адамдарға психологиялық көмек көрсету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында мынадай iс-шараларды жүзеге асырады:
- жыл сайын ӘҚҚБКЖ адамдарға психологиялық көмек көрсету үшін халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін және олардың штатында ӘҚҚБКЖ адамдарға психологиялық көмек көрсету жөніндегі оқудан өткен психологы бар медициналық ұйымдардың ішінен денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін бекітеді;
- денсаулық сақтау ұйымдарының психологтарын ӘҚҚБКЖ адамдарға психологиялық көмек көрсету мәселелері жөнінде оқытуды ұйымдастырады.
ӘҚҚБКЖ адамдарға психологиялық көмек көрсету мақсатында амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының басшысы ӘҚҚБКЖ адамдарға психологиялық көмек көрсету мәселелері жөнінде психолог(тар)ды тұрақты (кемінде 5 жылда бір рет) оқытуды қамтамасыз етеді (кем дегенде 60 сағат).
Психологиялық көмек көрсетуге қойылатын талаптар:
ӘҚҚБКЖ адамдарға психологиялық көмекті АЕК ұйымдары көрсетеді. Пациенттерді қабылдау психологтың жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан ӘҚҚБКЖ адамдарға психологиялық көмекті жазасын өтеу орны бойынша бекітілген АЕК ұйымы көрсетеді.
АЕК ұйымдарының штатында психолог болмаған жағдайда, бірлесіп орындау шарты негізінде психологтар тартылады.
АЕК ұйымдарының басшысы психологиялық көмек көрсету шараларын орындау туралы сот қаулысын алғаннан кейін мыналарды қамтамасыз етеді:
- психологтың психологиялық көмек шараларын жүзеге асыруы;
- медициналық көрсетілімдері бойынша мамандандырылған көмек көрсету үшін дәрігерлерді тарту;
- психологиялық көмек шараларының аяқталу фактісі анықталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне ақпарат беру;
- психологиялық көмек шараларынан өтуден бас тарту;
- психологиялық көмект шараларының тиімсіздігі;
- психологиялық көмек шараларының аяқталуы.
Өз кезегінде психолог келесі әрекеттерді орындауы керек:
- ӘҚҚБКЖ адамды сәйкестендіру;
- психологиялық көмек көрсетуге ақпараттандырылған келісімді ала отырып, ӘҚҚБКЖ адамы психологиялық көмектің мақсаттары, одан өту шарттары туралы хабардар ету;
- ӘҚҚБКЖ адамдардың психологиялық диагностикасы, оған мыналар кіреді:
- медициналық құжаттамалардың деректері бойынша (бар болса) анамнездік мәліметтерді зерделеуді;
- психологиялық сұхбатты (танысу, шағымдарды жинау, микроәлеуметтік ортасындағы әлеуметтік-психологиялық атмосфераны қоса алғандағы анамнездік мәлімет);
- жыныстық жас және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық тестілеуді (стандартталған және стандартталмаған әдістер);
- деструктивтік (күш қолдана отырып) мінез-құлыққа қайта оралуға қауіп факторларын қоса алғанда, диагностикалық нәтижелер бойынша қорытынды жасауды, сондай-ақ психологиялық түзету бағдарламасын жасау бойынша ұсынымдарды;
- психологиялық диагностика нәтижелері туралы ӘҚҚБКЖ адамды хабардар етуді қамтитын ӘҚҚБКЖ адамдардың психологиялық диагностикасын;
- ӘҚҚБКЖ адамға деструктивтік (күш қолдана отырып) мінез-құлықты психологиялық түзету жүргізу үшін психологиялық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын әзірлеу. Психологиялық түзету жеке және/немесе топта жүзеге асырылады;
- психологиялық түзетуге кедергі келтіретін және оның құзыретінің шегінен тыс психикалық қызметтің бұзылыстары анықталған жағдайда психиатр дәрігердің консультациясына жіберу;
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес медициналық құжаттаманы есепке алу және есептілік жүргізу (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
- психологиялық көмек шараларының аяқталу фактісі анықталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне ақпарат беру үшін негіздемесі бар ақпаратты дайындау;
- психологиялық көмек шараларынан өтуден бас тарту;
- психологиялық көмект шараларының тиімсіздігі;
- психологиялық көмек шараларын аяқтау.
Психологиялық түзету үш негізгі блокты қамтиды:
- ұстаным – өзара іс-қимыл жасауға, бойындағы қобалжуды басуға, сенімділікті арттыруға ұмытылысын ояту, психологпен жұмыс істеу және өз өміріне қандай да бір өзгеріс енгізу ниетін қалыптастыру;
- түзету – тұлғаның үйлесімділігі мен оңтайлануы, қоғаммен және өз-өзімен өзара іс-қимыл жасаудың жаңа (күш қолданбайтын) тәсілдерін меңгеру, психологиялық проблемаларды шешу;
- түзету әсерінің тиімділігін бағалау – психологиялық жай-күй динамикасын өлшеу (тесттер, әдістемелер), мінез-құлықтың позитивті (күш қолданбайтын) ұстанымының, реакциясы мен уайымының пайда болуы, психоэмоционалдық жай-күйінің тұрақтануы.
Бұйрық 2024 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.