Алматы МКД жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша кезекті үндеуін жолдады
Ведомство өкілі Айжан Бекеева бейнеүндеуде тақырып бойынша маңызды үш сұраққа тоқталып өтті.
Салық органдары бұрын 250.00 нысанда көрсетілмеген салық кодексі 165-бабының ережесіне сәйкес 10000 АЕК-тен жоғары ірі сатып алуға арналған ақшалай қаражатты есепке ала ма?
Жеке тұлғаның салық салынатын табысын айқындау үшін салық органдары жанама әдістерді пайдалана отырып уәкілетті органдардан, екінші деңгейдегі банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, үшінші тұлғалардан, шет мемлекеттердің құзретті органдарынан және басқа да ақпарат көздерінен алынған деректерді пайдалануға құқығы бар.
"Демек, 10000 АЕК-тен асатын ақшалай қаражаттың болуы туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктер ұсынған мәліметтермен расталуы мүмкін",- деп толықтырды Айжан Бекеева .
270. 00 нысанында автокөлікті заңдастыруды қалай көрсету керек? Егер автокөлік 2022 жылы сатып алынып, 2023 жылы заңдастырылған болса, шығыстарды жабу көзін қалай көрсетеді?
2023 жылға тапсырылатын декларация шығыстарды жабу көздерін көрсетпей, 2022 жылы сатып алынған автокөлікті заңдастыру фактісін көрсету қажет. Өйткені сатып алу алдыңғы есептік кезеңде орын алған.
Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері:
1 кезең - 2021 жылы басталды. Оған мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары кірді.
2 кезең - 2023 жылы басталды. Оған білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ олдардың жұбайлары кірді.
3 кезең - 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Яғни қазіргі уақытта декларацияны жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен қатысушылары және олардың жұбайлары тапсыруда.
4 кезең - 2025 жылы басталады. Барлық жеке тұлғаларды, демек ҚР барлық 18 жастан асқан азаматтарын, сондай-ақ шетелдік активтері бар кәмелетке толмаған тұлғаларды қамтиды.
31.12.2023 жағдай бойынша жеке тұлғаның кредиторлық/дебиторлық берешегін қандай мерзімде нотариалды куәландыру қажет?
Декларациялауға Қазақстан Респуликасындағы және одан тыс жерлердегі активтер мен міндеттемелер оның ішінде дебиторлық/кредиторлық берешек жатады. Сондықтан ҚР тыс жерлерде дебиторлық/кредиторлық берешектің болуын растайтын құжат шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес нотариалды куәландырылған кез келген құжат болуы мүмкін.
"Егер Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе қарыз шарты ақша немесе заттар берілген сәттен бастап жасалған болып есептелінеді". Айжан Бекеева
Сондай-ақ, ресми өкіл нотариус талаптардың қалауы бойынша заңнамада міндетті нотариаттық нысан көзделмеген мәліметтерді куәландыра алатындығын да ескертті.
Нотариаттық іс әрекеттер барлық қажетті құжаттар ұсынылған уақытта ғана жасалады.
"Осыған байланысты егер тараптар нотариусқа жүгінгенге дейін ақша беруді жүзеге асырған болса, және талаптардың реті олардың қарыз шарттарын нотариалды куәландыруға деген еркін көрсетсе онда нотариус оны куәландыруға құқылы". Айжан Бекеева
Осылайша қарыз тараптары осы үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынған жағдайда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ақшаны беру фактісі бойынша қарыз шартын 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін нотариалды куәландыруға болады.