Шымкентте ер адам қыз алып қашып, зорлады деген күдікке ілінді
Сурет: Zakon.kz
Шымкентте ер адам қызды алып қашып, кейіннен бойжеткен көнбеген соң оны зорлаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктінің туыстары алып қашу туралы хабарды қыздың ата-анасына өздері жеткізген.
Ал полицияға болған оқиға туралы жәбірленушінің құрбылары хабарлаған көрінеді.
Ішкі істер органдары айтулы дерек бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр
"Осы фактіге қатысы бар барлық адам полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр".Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript