Алматылық кәсіпкер "Горельник" бұлағына қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: Алматы әкімдігі
Бір кездері әйгілі "Горельник" термалды бұлағын салған алматылық кәсіпкер, меценат Сергей Спицын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол қазіргі уақытта ыстық бұлақтың жағдайы нашар екені жайлы ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде киім ауыстыру кабиналары қоқысқа толып, жалпы емдеу аймағының астаң-кестеңі шығып жатқанын көрсеткен видео тараған.
Кейінірек бұл видео бірнеше жыл бұрын түсірілгені анықталды. Сол кезде бұлақ аумағын тазалау және оны таза ұстау мәселесін экобелсенді дереу шешкен.
Қазір меценат тәртіпті қадағалауды жалғастырып отырғанын айтып, жақында мұнда дәретхана салуға уәде берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript