Маймыл шешегінің таралуының алдын алу шаралары қабылданды: Бас санитарлық дәрігердің қаулысы
Құжаттың мәтініне сәйкес әкімдіктер мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:
- маймыл шешегі ауруына күдікті адамдарды анықтау, эпидемиологиялық анамнез жинау, байланыста болған адамдарды оқшаулау, емдеу, медициналық бақылау бойынша меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерінің (МСАК желілері, инфекциялық стационарлар/бөлімшелер, ЖИТС, дерматология, акушерлік, гинекология және урология орталықтары) сақтығын арттыру бойынша оқыту жүргізуді;
- маймыл шешегімен ауыратын науқас (күдікті адамдар) әкелінген жағдайға инфекциялық стационарлардың дайындығын;
- маймыл шешегімен ауыратын науқасты (ауруға күдікті адамды) диагностикалауды және тасымалдауды;
- "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21532 болып тіркелген) сәйкес адамның маймыл шешегімен сырқаттануының және маймыл шешегі ауруына күдіктің әрбір жағдайы туралы (патогендігі I топтағы аса қауіпті инфекция жағдайы анықталған кезіндегідей) шұғыл хабарлама ұсынуды;
- маймыл шешегімен ауыратын науқастардан (күдікті адамдардан) алынған материалды іріктеуді және зертханалық зерттеуге жіберуді;
- инфекциялық және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында маймыл шешегімен ауыратын науқас (күдікті адам) анықталған, емдеуге жатқызылған кезде биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды;
- денсаулық сақтау ұйымдарында жеке қорғаныш құралдарының, дәрілік және дезинфекциялық құралдардың азайтылмайтын қорының болуын;
- маймыл шешегі әкелінген жағдайда ден қоюға дайындық бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығулар өткізуді;
- шетелдік студенттерді (жоғары оқу орындарының медициналық пункттері), оның ішінде соңғы 21 күн ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған тізімге сәйкес маймыл шешегі бойынша эндемиялық елдерден келген немесе оларға барған Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық бақылауды;
- әлемдегі эпидемиялық асқыну кезеңінде маймыл шешегінің профилактикасы мәселелері бойынша халықты хабардар етуді қамтамасыз етсін.
Сондай-ақ, әкімдіктер сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету субъектілерінің өкілдері үшін шетелдік азаматтардың қатысуымен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде, оның ішінде көшпенділердің дүниежүзілік ойындарын өткізу кезінде маймыл шешегінің таралуының алдын алу және алдын алу шараларын сақтау туралы оқыту тренингтерін өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі:
- қажет болған жағдайда жолаушылар ағынының тығыздығын және жабдықтың техникалық сипаттамаларын ескере отырып, дене температурасы жоғары адамдарды қашықтықтан анықтауға арналған температураны байланыссыз өлшеу жүйесін орнатуды;
- көлік құралдарында жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуын;
- жолаушылардың, экипаж бен пойыз бригадалары мүшелерінің денсаулық жағдайын бақылауды, жолаушыда (жолаушыларда) инфекциялық ауруға, маймыл шешегі ауруына клиникалық көріністерге күдік болған кезде өткізу пунктінің жерүсті қызметін жолаушының денсаулық жағдайы туралы хабардар етуді;
- көлік құралында жолаушылардың отыратын орындары бойынша отыруын қатаң бақылауды;
- әрбір рейстен кейін көлік құралдарын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;
- жолаушыларды түсіруге тартылған әуежайлардың, темір жол, теңіз вокзалдарының, автовокзалдардың барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;
- әуе, теңіз кемесі командирінен, локомотив бригадасы машинисінен маймыл шешегі ауруына күдікті жолаушының болуы туралы ақпарат алған жағдайда мемлекеттік бақылау органдары мен мүдделі қызметтерді хабардар ету схемасына сәйкес хабардар етуді;
- өткізу пунктінің мүдделі қызметтерінің маймыл шешегі ауруына күдікті жолаушысы бар халықаралық көлік құралын қарсы алуға дайындығын;
- санитариялық тұраққа (айлаққа) көлік құралын кедергісіз жіберу;
- санитариялық тұрақты (айлақты), жолаушылар вагонын ескерту жазбаларымен қоршауды, ауыз судың санитариялық тұраққа жеткізілуін (жеткізуді), биодәретхана және қақпағы бар қоқыс жинауға арналған контейнерлер орнатуды;
- санитариялық-карантиндік бақылау мамандарын, консультанттарды, жедел медициналық жәрдем бригадасын, дезинфекциялық қызметті режимдік аймаққа кедергісіз өткізуді және оларды режимдік аймақ бойынша бақылау-өткізу пунктінен тұраққа дейін немесе жолаушылар терминалының изоляторына дейін алып жүруді;
- өткізу пунктінің мүдделі қызметтерінің іс-шараларды орындауын үйлестіруді;
- тіркелген жағдайда басқа рейстердің әуе жолаушыларымен байланысын болдырмай, науқасты эвакуациялау/емдеуге жатқызудың кедергісіз процесін;
- санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін халықаралық өткізу пунктінің аумағында жоғары режимдік бақылауды;
- инфекциялық аурудың инкубациялық кезеңі ішінде байланыста болған жұмыскерлерді медициналық бақылауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (Көліктегі полиция департаменті) маймыл шешегі ауруына күдікті науқас анықталған жағдайда:
- халықаралық әуежайлардың, халықаралық теміржол түйісу станцияларының, теңіз порттарының өткізу пункттерінде және Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында бақылау бекеттерін орнатуды;
- қаладан келген жедел медициналық жәрдем бригадасын бақылау-өткізу пунктіне дейін алып жүруді;
- Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сұрау салуы бойынша байланыста болған жолаушылар бойынша ақпаратты (Т.А.Ә., тұрақты тұратын жерінің мекенжайы, сапардың мақсаты, уақытша орналасқан жері) жедел ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:
- соңғы 21 күн ішінде эндемиялық елдерге барған Қазақстан Республикасына келетін адамдарды бақылауды қамтамасыз етсін;
- соңғы 21 күн ішінде эндемиялық елдерден келген немесе барған адамдар анықталған жағдайда жолаушылар бойынша деректерді (Т.А.Ә., тұрақты тұратын жерінің мекенжайы, сапардың мақсаты, уақытша орналасқан жері, байланыстары) ұсына отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын дереу хабардар етсін.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (Мемлекеттік кірістер комитеті):
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтуді;
- Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде барлық адамдарға (жолаушылар, тасымалдаушылар, көлік құралдарының жүргізушілері және басқалар) міндетті байланыссыз термометрия жүргізуді;
- санитариялық-карантиндік пункттерде ЖҚҚ және дезинфекциялық құралдардың болуын;
- автомобиль өткізу пункттерінде маймыл шешегі ауруына күдікті жолаушы анықталған жағдайда хабардар ету схемасына сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері мен мүдделі қызметтерді дереу хабардар етуді және медициналық ұйымдардың қызметкерлері келгенге дейін оны оқшаулауды;
- мүдделі ведомстволардың, ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың мамандары арасында маймыл шешегінің әкелінуінің алдын алу мәселелері бойынша оқу-жаттығу сабақтарын қоса отырып семинарлар өткізуді;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттеріндегі бақылау органдары қызметкерлеріне, халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобус жүргізушілеріне маймыл шешегінің таралуының профилактикасы және алдын алу шаралары туралы нұсқама беруді;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде жүргізушілер мен жолаушылар арасында маймыл шешегінің таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі "Қазақстан Республикасының туроператорлар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп:
- туроператорларды әлемдегі карантиндік және аса қауіпті инфекциялармен, оның ішінде шетелге, оның ішінде эндемиялық елдерге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына маймыл шешегімен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етуді;
- шетелге шығатын азаматтар үшін маймыл шешегінің профилактикасы шараларын сақтау туралы ұсынымдарды (жадынамалар, буклеттер және т. б.) әзірлеуді және таратуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі:
- эндемиялық елдердің азаматтары болып табылатын елдегі жоғары оқу орындардың шетелдік студенттері арасында Қазақстан Республикасына маймыл шешегі ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды;
- соңғы 21 күн ішінде эндемиялық елдерден келген және (немесе) барған елдегі жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттерді маймыл шешегінің таралуының профилактикасы және алдын алу шараларының сақталуы туралы хабардар етуді, келген студенттерді бақылауды;
- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды (қоғамдық денсаулықты) мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарына соңғы 21 күн ішінде эндемиялық елдерден келген және (немесе) барған шетелдік студенттердің тізімін ұсынуды қамтамасыз естін.
Комитеттің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, ҚР ДСМ-нің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және ҚР ДСМ-нің "М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:
- маймыл шешегін диагностикалау үшін зертханалардың дайындығын және ПТР тест-жүйелерінің қажетті қорын;
- зертханалардың маймыл шешегіне сынамаларды қабылдауға және зерттеулер жүргізуге дайындығын;
- ПТР әдісімен маймыл шешегіне материал үлгілерін жинауды, тасымалдауды және тестілеуді ұйымдастыруды және аса қауіпті инфекция кезіндегідей белгіленген тәртіппен ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы Комитетке хабарлауды қамтамасыз етсін.
Сондай-ақ, құжат эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу алгоритмін қамтиды.
Маймыл шешегімен ауыратын науқас (ауруға күдікті) анықталған жағдайда барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар аурудың клиникалық көрінісі және эпидемиологиялық анамнез негізінде қойылатын алдын ала диагноз қойылған кезде жүргізіледі.
Маймыл шешегі ауруының (ауруға күдіктің) әрбір жағдайына шұғыл хабарлама аса қауіпті инфекциялық ауру жағдайы анықталған кездегідей тәртіппен беріледі.
Кезектен тыс хабарламада мынадай мәліметтер болуға тиіс:
- науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жынысы және жасы;
- тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы. Шетелдіктер үшін — азаматтығы, шетелден келгендер үшін — келген елдің, қаланың атауы, көліктің қандай түрімен келді, келген уақыты мен күні;
- жұмыс орны, кәсіби қызметі;
- алдын ала диагноз (кім қойған және қандай деректер негізінде — клиникалық, эпидемиологиялық);
- ауырған күні (алғашқы белгілердің пайда болуы);
- температура мен бөртпе пайда болған күн;
- бөртпелердің орналасқан жері;
- науқастың анықталған күні, уақыты, орны және осы уақытта қайда екендігі;
- аурудың клиникалық көрінісі және ауырлығы;
- қысқа эпидемиологиялық анамнез (ауру басталғанға дейін соңғы 3 апта (21 күн) ішінде саяхат тарихын міндетті түрде көрсете отырып, ықтимал немесе расталған жағдаймен қарым-қатынас, ықтимал немесе расталған жағдайлармен байланыс және байланыс сипаты (егер қолданылса); көптеген немесе анонимдік жыныстық серіктестердің болу тарихы);
- осы ауруға байланысты дәрілік препараттар мен антибиотиктерді қолдану;
- табиғи шешекке қарсы егудің болуы туралы деректер;
- зертханалық зерттеу үшін материалды алу күні, биоматериалдың түрі;
- хабарлама жасау кезіндегі зертханалық зерттеу нәтижесі;
- хабарламаны берген және қабылдаған адамның тегі, олардың лауазымы, мекеменің атауы, хабарламаның берілген күні мен сағаты.
Эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру қағидаты ауру ошағын оқшаулауға және жоюға бағытталған мынадай іс-шараларды көздейді:
- науқасты (ауруға күдікті адамды) анықтау;
- анықталған науқас (ауруға күдікті адам) туралы ақпарат;
- диагнозды нақтылау;
- емдеу;
- науқасты кейіннен ауруханаға жатқыза отырып оқшаулау;
- шектеу шаралары;
- науқаспен байланыста болған адамдарды анықтау, оқшаулау (байланыста болғандар тобы үй ошағы, жұмыс және оқу орны/балабақша, денсаулық сақтау ұйымы бойынша белгіленеді, спорт секцияларына, қоғамдық жиналыстарға бару және кез келген басқа да еске алынатын өзара іс-қимыл) және шұғыл профилактика жүргізу;
- ақпараттық-түсіндіру жұмысы.
Бұл іс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары обаға қарсы күрес станцияларымен (болған жағдайда), әдістемелік басшылықты жүзеге асыратын және оларға консультациялық және практикалық көмек көрсететін Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жүргізеді.
Денсаулық сақтау ұйымдарының:
- симптоматикалық ем жүргізуге арналған дәрі-дәрмектердің;
- науқастардан зертханалық зерттеуге материал алуға арналған шығыс материалдарының;
- вирусқа қарсы тиімділігі бар дезинфекциялық құралдардың;
- емханалардың, амбулаториялардың, ФАП-тың, СКП-ның, СКО-ның персоналына арналған бір жиынтықтан кем емес және ауруханалардың, мәйітханалардың, оқшаулағыштардың, жедел жәрдем станцияларының, эпидбригадалардың және эвакодезбригадалардың қабылдау бөлімшелері үшін науқасқа тікелей қызмет көрсетумен айналысатын әрбір ауысыма кемінде 2 жеке профилактика және жеке қорғаныш құралдарының (қорғаныш костюмдерінің) қажетті қоры болуға тиіс.
Маймыл шешегі ауруымен ауыратын науқастар (ауруға күдікті) жедел жәрдем көлігімен инфекциялық стационарға жіберіледі, артынша жеке кіретін есігі бар оқшауланған палаталарға немесе бокстарға орналастырылады.
Маймыл шешегі ауруына күдік болған кезде зертханалық зерттеуге материалды науқас тұрған мекеменің оқытылған медицина қызметкері алады.
Маймыл шешегімен ауыратын науқаспен (ауруға күдіктімен) байланыста болған барлық адамдар туралы ақпарат мынадай нысан бойынша жасалады:
- тегі, аты, әкесінің аты;
- туған жылы;
- тұрғылықты жері;
- жұмыс орны (кәсіпорынның, мекеменің атауы, мекенжайы);
- науқаспен қарым-қатынас (қайда, қашан, қарым-қатынас дәрежесі мен ұзақтығы, жүру жолы);
- табиғи шешекке қарсы егу (болған жағдайда) және басқа да медициналық манипуляциялар (жүргізілген кезде);
- тізімді жасау күні мен сағаты және мекемені және атқаратын лауазымын көрсете отырып, тізімді жасаған адамның қолы.
Маймыл шешегімен ауыратын науқастарға (ауруға күдіктіге) қызмет көрсететін медицина персоналы және науқаспен байланыста болған адамдар инкубациялық кезең мерзімі ішінде (21 күн) медициналық бақылауға жатады.
Байланыста болған адамдарға тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымының учаскелік дәрігері денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізе отырып, олар маймыл шешегімен ауыратын науқаспен (ауруға күдіктімен) немесе жұқтырған материалмен соңғы байланыста болғаннан кейін 21 күн ішінде үйде оқшауланады.
Байланыста болған адамдарды бақылау күн сайын клиникалық белгілердің/симптомдардың (бөртпе, температура, лимфа түйіндерінің қабынуы және басқалары) пайда болуы тұрғысынан жүргізіледі. Байланыста болған адамдар температурасын күніне екі рет өлшеуге тиіс.
Байланыста болған адамдарда маймыл шешегінің белгілері пайда болған кезде оларды қарап-тексеру және оқшаулау, кейіннен зертханалық тексере отырып инфекциялық стационарға жатқызу жүргізіледі.
Бұдан өзге маймыл шешегімен ауыратын адамдардың ошақтарында, әуежайлардың, теміржол вокзалдары ғимараттарында, автомобиль өткізу пункттерінде және теңіз порттарында, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу алгоритмі жасалды.
Маймыл шешегімен ауыратын науқасты (ауруға күдікті адамды) емдеуге жатқызғаннан кейін ошақтағы қорытынды дезинфекцияны ҰСО филиалдары жүргізеді.
Науқас палатасына кіру алдында арнайы шкафта немесе үстелде ЖҚҚ және вирулицидті дезинфекциялық құралдар болуы тиіс.
Науқасты қарап-тексеруден және оған көмек көрсетуден кейін медицина персоналының киімі (пижамадан басқа) вирулицидті дезинфекциялық құралдың ерітіндісіне батыру тәсілімен зарарсыздандырылуға жатады.
Костюмді зарарсыздандыру үшін етік немесе галошты, костюмді шешу процесінде қолғаптағы қолды, мақта-дәке масканы, халатты, орамалды (капюшон), сүлгіні, қолғапты өңдеуге арналған дезинфекциялық ерітінді бар жеке сыйымдылықтар көзделеді. Көзілдірік (қалқан) 70° спиртке батырылады.
Әр палатаға жеке құралдар мен күтім заттары бекітіледі. Барлық медициналық мақсаттағы бұйымдар мен күту заттары қолданылғаннан кейін дереу дезинфекциялануға жатады.
Ыдысты өңдеу кезінде оны тиісті дезинфекциялау режимін пайдалана отырып, вирулицидті дезинфекциялау ерітіндісіне батырады. Дезинфекциядан кейін ыдыс сумен мұқият жуылады және кептіріледі.
Төсек жабдықтары (көрпелер, матрастар, жастықтар), киім, аяқ киім науқас шыққаннан кейін камералық өңделуге жатады.
Камерада өңдеуге жатпайтын заттарды вирулицидті дезинфекциялық құралдың ерітіндісіне салып қою керек.
Дезинфекциялауды жүзеге асыратын персонал алжапқышты, резеңке қолғаптың екінші жұбын, жеңқапты, экранды (бетті қорғауға арналған) қосымша қоса отырып, ЖҚҚ-ны киінуге тиіс.
Науқастарға арналған тамақты асүй ыдысында зарарсыздандырылмаған блоктың қызметтік кіреберісіне жеткізеді, онда асүй ыдысынан буфет ыдысына құяды және салады. Тамақ бөлімшеге келіп түскен ыдысты қайнату арқылы зарарсыздандырады, содан кейін ыдыс салынған бакты буфетке өткізеді, онда оны жуады және сақтайды. Тарату бөлмесі тамақ қалдықтарын зарарсыздандыру үшін барлық қажетті заттармен жабдықталуға тиіс. Жеке ыдыстарды қайнату арқылы зарарсыздандырады.
Эпидемиологиялық асқыну кезеңінде денсаулық сақтау ұйымы дезинфекциялау режиміне және стационардың сарқынды суларын зарарсыздандыруға бақылау жүргізеді.
Әуежайлардың, теміржол вокзалдарының, автомобиль өткізу пункттерінің және теңіз порттарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің ғимараттарында эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында:
- жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелерін тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және басқа да жұмыстар;
- барлық үй-жайларды жиі желдету;
- қызметкерлер арасында жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі, жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;
- жолаушылар болатын жерлерде жуу және вирулицидті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі жинауды, еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды және жолаушылардың қолы жанасуы мүмкін өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе вирулицидті дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жүргізіледі.
Әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автомобиль өткізу пункттерінде, теңіз порттарында, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде көрінетін және қолжетімді орындарда (күту залдары, ана мен бала бөлмелері), кіреберісте немесе санитариялық тораптарда қол өңдеуге арналған құрылғылар орнатылады.
Әуежайларда, вокзалдарда мынадай талаптар:
- медицина персоналының үнемі болуы;
- дезинфекциялық режимді сақтау;
- қажетті дәрілік заттармен, медициналық жабдықпен және медициналық бұйымдармен (термометрлер, қалақшалар, медициналық масқалар) қамтамасыз ету;
- қызметкерлерді ЖҚҚ және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету;
- әуежайлар, вокзалдар қызметкерлерінің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық көмек келгенге дейін медициналық пункттің оқшаулағышына орналастыру қамтамасыз етіле отырып, оқшаулағышы бар медициналық немесе денсаулық сақтау пунктінің жұмысы ұйымдастырылады.
Әуежайлар мен вокзалдардың әкімшілігі мыналарды:
- персоналды ЖҚҚ-мен (маскалар, қолғаптар);
- әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында ауа баптау, желдету жүйелеріне тексеру жүргізуді және желдеткіш сүзгілерді ауыстыруды;
- ауысым (рейс, маршрут) аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктерге дезинфекция жүргізуді;
- ЖҚҚ-ның, қолға арналған антисептиктердің, вирулицидті дезинфекциялық құралдардың азаймайтын қорының болуын;
- көлік құралының салонын желдетуді, вирулицидті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып салонды ылғалды жинауды, маршрут аяқталғаннан кейін тоқтап тұрған кезде еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, ұстағыштарды, орындықтарды және жолаушылардың қолы жанасуы мүмкін өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе вирулицидті дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүртуді;
- персоналдың ЖҚҚ-ны (маска), қолға арналған антисептиктерді, дезинфекциялық құралдарды пайдалануын қамтамасыз етеді.
Қаулы 2024 жылғы 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.