Түркістан облысында Президент кортежі жүретін жолдың бойынан қару-жарақ табылды
Сурет: akorda.kz
Түркістан облысында Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде оқ атылатын қару қоймасын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдіктілерді ұстау үшін қажетті жедел іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript