Еліміздің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Қарағандыда да түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оралда түнде көктайғақ болады деп күтіледі.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман болады деп күтіледі. Шымкентте де, Түркістанда да түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Алматыда да, Қонаев қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнге қандай ауа райы болатынын айтқан болатын.