Жаңалықтар тізбегі
0

Ордабасы ауданының тұрғындары су қоймасының салынуына наразы

Ирригация, полив, вода, орошение, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2024 10:24 Фото: primeminister.kz
Түркістан облысының Ордабасы ауданының тұрғындары "Боролдай" су қоймасының салынуына наразы. Өйткені Боролдай мен Қызылсеңгір елдімекендерінің қақ ортасынан бой көтереді деген нысан су тасығанда үш ауылға қатер төндіруі мүмкін дейді жұрт.
Ал, жергілікті билік өкілдері алаңдауға негіз жоқ деп сендіреді. Қойма салынса, қайта облыстағы аудандарды ағын сумен қамтуға мүмкіндік тумақ.

Боролдайдың бойынан су қоймасы салынады дегелі Қызылсеңгір, Боролдай және Көктөбе ауылы тұрғындарынан маза қашқан. Үш ауылда үш мыңнан астам халық тұрады. Олардың айтуынша, қоймадағы су тасыса жайылымнан бөлек егістік пен шабындық жерлер түгел су астында қалады, деп жазады qazaqstan.tv.
"Бұлар 44 млн текше метр су жинап, қашыртқыны 250 текше метр қылып отыр. Ондай су келетін болса, міндетті түрде су қоймасын бұзып кету қаупі жүз пайыз болады. Тек қана Боролдай, Қызылсеңгір, Көктөбе ауылы емес, аудан орталығы Темірлан да судың астында қалады. Қызылағаш оқиғасы бұл жерде ештеңе емес. Одан да көп халық қырылып кету қаупі төніп тұр." Даниярбек Қалмырзаев, Қызылсеңгір ауылының тұрғыны
Халық зерделеу жұмыстары атүсті жүргізілді деп есептейді. Себебі ағысы қатты өзеннің әр көктемде жұртты әбігерге салып, жер асты суын көтеріп жіберетінін ешкім есермеді дейді тұрғындар. Мәселен мына кадрлар биыл наурыз айында түсірілген.
"Таудан бастап бері қарай тас ағып келеді. Ал енді мына жерге дамбы салынатын болса, ағып келген тас қайда барады. Су қоймасының ішінде қалады да, бір жыл, екі жылдың ішінде толады. Бұл болашағы жоқ нәрсе. Аудан әкімдігіне, облыс әкімдігіне айттық қарсымыз деп. Қарсылығымызды құлақтарына іліп жатқан жоқ." Есенбай Ерсінхан, Қызылсеңгір ауылының тұрғыны
Ал, жауаптылардың сөзінше ағын су тапшылығын шешу үшін су қоймасын салу туралы жоба үш жыл бұрын қолға алынған. Сыйымдылығы 45 млн текше метр болатын нысанның техникалық экономикалық негіздемесі әзір. Жоба жүзеге асса 67 мың гектар жерге су барады, әрі көршілес аудандар мен Түркістан қаласын да ағын сумен қамтиды.
"Бұл жоба қазіргі таңда құжаттары жинақталу үстінде толық. Барлығы құжаттары сәйкестендірілгеннен кейін ұсыныс беріледі. Республикалық деңгейде, барлық министрліктерден келісім алынады. Одан кейін барып су қойманың салыну немесе салынбауы туралы шешім шығарылады." Нұрболат Бердімұратов, Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары
Ал ауыл тұрғындарына екі рет түсіндіру жұмыстары жүргізілген көрінеді. Қоғамдық тыңдау келер жылдың қаңтар айына жоспарланған. Онда халық су қоймасын басқа жерден салуды ұсынса, орны ауыстырылуы мүмкін деді шенеунік. Дегенмен, бір ай бұрын бірнеше отбасының жерін мемлекет қажеттілігіне алу туралы қаулы шығып қойған.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: