Қазақстандық мектептерде ерекше қызмет құрылымы пайда болады

Школьники, ученики средних классов, школа, ученики за партой, школьный кабинет, класс, школьные занятия, уроки, учитель, педагог, преподаватель , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2024 13:35 Фото: Zakon.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға бағытталған "100 медиативті мектеп" жобасын іске қосуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік ақпаратынша, бастама шеңберінде еліміздің барлық мектептерінде қақтығыстарды тиімді шешуге және оқушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін жағымсыз салдардың алдын алуға ықпал ететін мектеп медиациясы қызметтері жұмыс атқара бастайды.

"Осы қызметтердің жұмысына бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін Ы.Алтынсарин атындағы КЕАҚ әзірлеген әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Олар мектептегі медиация қызметтерін құру және олардың табысты жұмыс істеуі үшін қажетті теориялық және практикалық материалдарды қамтиды. Бұл ұсынымдар білім беру ұйымдарында медиативтік практикаларды енгізу үшін негіз болады".ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, негізгі мақсат — қиын өмірлік жағдайларда қолдау көрсету, балаларды дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру.

"Бұдан бөлек, мұнда отбасылық-құқықтық дауларды шешуге жәрдем көрсетіледі. Мектеп қызметтері қақтығыстарды реттеудің маңызды құралы болып табылады, ал медиативтік практикаларды пайдалану даулы жағдайлардың санын қысқартуға және оқу орындарындағы психологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді",- деді ол.

Медиация қызметіне жоғары сынып оқушылары, педагогтер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, ата-аналар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қамқоршылық кеңестердің және аға ұрпақтың өкілдері кіреді.

Бұған дейін Бейсембаевтың ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықтың қысқара бастағанын айтқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: