Қазақстандық мектептерде педагог-кәсіби бағдар берушілер пайда болады

Школьники, ученики, школа, ученики за партой, школьный кабинет, класс, школьные занятия, уроки, учитель, педагог, преподаватель , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 13:25 Фото: akorda.kz
Оқу-ағарту министрлігі Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына "Педагог-кәсіптік бағдар беруші" жаңа лауазымы қосылды.

Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында қажет болған жағдайда балаларды (тәрбиеленушілерді, білім алушыларды)  оқыту мен тәрбиелеу бейініне сәйкес келетін, сондай-ақ өткізілетін үйірмелік, спорттық және емдеу іс-шараларына қарай лауазымдардың (директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-кәсіби бағдар беруші, әлеуметтанушы-талдаушы, сүйемелдеуші, көркемдік жетекші, костюмер, суретші, киномеханик, сахна жұмысшысы, музыкалық аспаптардың күйін келтіруші, өндірістік оқыту шебері, дене шынықтыру және еңбекке баулу жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогі, музыкалық жетекші, мұрағатшы, экономист және басқалар) штат бірліктері қосымша белгіленеді

Түсіндірілгендей, жаңа лауазым балаларды ерте кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысты жүйелі үйлестіру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдау үшін енгізіледі.

Құжат 7 наурызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: