Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
Сурет: Zakon.kz
Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігінде LRT құрылысына байланысты 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейін көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
City Transportation System хабарлауынша, №105 станциясында қаңылтыр қоршаулар демонтаждалады.
"Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылының "Астана Жұлдызы" аялдамасынан Хусейн бен Талал көшесі бағытындағы бір жолағы 100 метрге ішінара жабылады", - делінген хабарламада.
Сурет: instagram.com/cts_kz/
Компания Астана тұрғындары мен қонақтарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript