Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Zakon.kz
ҚР ТЖМ Сейсмологиялық зерттеу институты ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 15 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 01:42-де болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 712 шақырым жерде орналасқан.
"Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 38,083 градус, шығыс бойлық 71,849 градус. Тереңдігі h= 180 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,4. Магнитудасы MPV=5,1", - делінген хабарламада.
Қазақстан жер асты дүмпулерінің сезілмеген және қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript