Астана, Алматы, Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, 21 желтоқсан, 22 желтоқсан, 23 желтоқсан, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 17:37 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласында алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтып берді. 2024 жылғы 21, 22 және 23 желтоқсанда Астана, Алматы және Шымкент қаласында боран соғып, тұман түседі деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

21 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап қар жауады. Ауа температурасы түнде: -13...-15°С, күндіз: -10...-12°С.

22 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап қар жауады, боран соғады. Күндіз соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде: -13...-15°С, күндіз: -7...-9°С.

23 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап қар жауады, боран соғады. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: -5...-7°С.

Алматы

21 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап қар жауады, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: -4...-6°С.

22 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде қар жауады, тұман болады. Аздап жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде: -12...-14°С, күндіз: -5...-7°С.

23 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Кейде тұман болады. Ауа температурасы түнде: -13...-15°С, күндіз: -5...-7°С.

Шымкент

21 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде: -11...-13°С, күндіз: -1...+1°С.

22 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде: -12...-14°С, күндіз: -1...+1°С.

23 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде: -10...-12°, күндіз: 0...+ 2°С.

Бұған дейін синоптиктер 2024 жылғы 20, 21 және 22 желтоқсанда еліміз бойынша ауа-райы қандай болатынын айтып берген болатын. Мамандардың айтуынша, күн күрт суыйды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: