Алматыда бас шыршаның шамы жағылды
Сурет: Zakon.kz
20 желтоқсанда Алматыда Абай алаңында бас шыршаның шамы жағылды. 25 метр биіктіктегі шырша жамының жағылғанын көрі, шаһар халқы, әсіресе балалар мәз-мейрам. Шараны атқаруға Аяз ата мен Ақшақар қыз да қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оны безендіруге 6 шақырым гирлянда, сәндік элементтер, шырша шарлары мен ерекше ойыншықтар қолданылған. Келушілерді ертегі кейіпкерлері қарсы алып, тіпті ерекше көңіл-күй сыйлап жүр.

Сурет: Zakon.kz
Шырша шамы жағылғаннан кейін мұнда қала тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахнада елімізге танымал эстрада жұлдыздары ән шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Қалада бүгін қалың қар жауды.
Айта кетейік, дәл осындай мерекелік іс-шара қаланың 8 ауданында бірдей өтіп жатыр.

Сурет: Zakon.kz
Абай алаңында 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін мерекелік жәрмеңке өтеді. Мұнда қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар және жаңа жылдық ойыншықтар ұсынылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

