Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы бас шыршаның шамы жағылды

Алматының бас шыршасының шамы жағылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2022 20:08 Cурет: Zakon.kz
Абай алаңында сағат 19:00-де қаланың бас шыршасының шамы жағылды. Іс-шараға Жаңа жылдың ертегі кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақар қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биіктігі 22 метр шыршаны жағу рәсімін "Сарын" тобының, Alma Dance мәнерлеп сырғанау студиясының, "Сармат", "Еркеназ" және "Сенім" вокалдық студиясының орындауында "Жаңа жылмен, Алматы!" вокалды-хореграфиялық қойылымы ашты. Бұл жылы қаланың бас шыршасына 350 ойыншық және 10 мың мерекелік гирлянда ілінген.

Алматының бас шыршасының шамы жағылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2022 20:08

Cурет: Zakon.kz

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресми рәсімнен кейін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

"Жігіттер" тобы, Әйгерім Қалаубаева, Данияр Өтеген, Shamis тобы, Мұхтар Ханзада, Ильхан Исханов, Ұланғасыр Қами, Kalifarniya, Мұхтар Ханзада сынды танымал әртістер жаңа жылдық әндер орындап, өнер көрсетті. 

Эстрада жұлдыздарымен бірге, аниматорлар мен қуыршақтар және 2023 жылдың символы – қоянның бейнесі мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

Алматының бас шыршасының шамы жағылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2022 20:08

Сурет: Zakon.kz

Қаланың бас шыршасымен бір мезгілде  әр аудан шыршасының шырағы да жанды. Алматылықтар мен қала қонақтары үшін қысқы фестиваль форматында тақырыптық жаңа жылдық іс-шаралар ұсынылады.

Фестиваль аясында 15 күн бойы қазақстандық өнім өндірушілердің сыйлық жәрмеңкелері өтеді, гастроаймақтар, шеберлік сыныптары, байқаулар, кешкі кино көрсетілімдері және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Әр локацияның түрлі жас топтарына бағытталған өзіндік ерекше бағдарламалары болады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: