Маңғыстауда бір жылда 35 баладан даун синдромы анықталған

Детский сад, детский садик, дети, ребенок, детсад, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 12:39 Фото: pexels
Маңғыстауда былтыр 35 балаға даун синдромы диагнозы қойылған. Бір өңір үшін бұл өте көп дейді мамандар. Ел бойынша да статистика мәз емес, өткен жылы 139 сәби осы кеселді арқалап дүниеге келген.

Аймақтың бас генетигі Нұргүл Жүсіпованың айтуынша, хромосомды аурулар оның ішінде даун синдромы – инвазивті диагностика арқылы ғана анықталады. Бірақ әйелдердің көбі бұл зерттеуден бас тартады. Былтыр аймақта 420 жүкті әйел жоғарғы қауіп-қатер тобына енгізіліп, инвазиялық тексеруге жіберілген. Соның тек 250 і зерттеуден өткен. Нәтижесінде 100 ге жуық әйелдің әлі тумаған баласына даун диагнозы қойылған.

"Оның ішінде 67-сі жүкті кезінде арнайы зерттеулерден өткізіліп, жүктілігі тоқтатылды. 5-еуі тексерілгеннен кейін сол баланы қабылдаймын деп қалдырды және 35 бала туылды. Енді биылғы мың балаға аз туылған баламен салыстырғанда былтырғы жылы 25 дауна бала, биылғы жылы 35 дауна бала ол статистика бойынша өте көп деген сөз." Нұргүл Жүсіпова, облыстық перинаталдық орталықтың медико-генетикалық бөлімінің меңгерушісі

Инвазивті зерттеу дүниежүзінде қолданылады. Балаға еш зияны жоқ. Бұл зерттеу тегін жүргізіледі.

Инвазиялық зерттеу диагностикасы – күдікті сейілтіп немесе нақтылайтын процедура. Бұл жерде шарананың жолдасынан, қағанақ суынан, кіндік тамырынан қан алу арқылы дкн зерттеулері жүргізіледі. Генетика саласында бұл алтын әдіс болып саналады. Себебі осы арқылы генетикалық мутацияларды анықтауға болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Даун синдромы – тұқым қуалайтын ауру емес және жасқа да қарамайды. Яғни, аяқ астынан болатын мутация, – дейді генетиктер. Сондықтан жүкті кезде күдік туындаса, тексерілу аса маңызды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: