БҚО тұрғыны полицейлерді өз әріптестеріне айыппұл салуға мәжбүр етті

Оқиға Кирсанов – Орал тас жолында болған. Жүргізушіні патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, оған әйнектегі жарықшақ үшін әкімшілік хаттама жасай бастады. Осы кезде ер адам тәртіп сақшылары көлігінің алдыңғы әйнегінде осындай зақым бар екенін байқаған. Осылайша, ол басқа экипажды шақырып, келген полиция қызметкерлерін әріптестеріне хаттама жасауға мәжбүр етті.
Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растап, Кирсанов – Орал автожолында патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota LandCruiser-ді тоқтатқанын хабарлады. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі бірден бірнеше жол ережелерін бұзғаны белгілі болды: Көлік құралдарын пайдалану және маневр жасау, жылдамдықты арттыру және көлікті заңсыз түрлендіру.
Онымен бірге БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкері де айыппұл алды. Ол көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жазаланды. Ақауы бар патрульдік көлік ақауларды жою үшін базаға жеткізілді.
Бұған дейін Семейде полицейлік автокөлік КамАЗ-бен соқтығысқаны хабарланған болатын.