Тайландта туристер мінген катер жарылып кетті: онда Қазақстанның төрт азаматы болған

Тайландта Қазақстан мен Ресейден барған туристер мінген катер жарылып кетті. Оқиға Пхукет қаласы Майтон аралы маңында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Катерде 31 турист болған. Жарылыс кезінде 30-ы суда шомылып жүрген. 1 турист катер ішінде болып, зардап шекті.
Ол дереу ауруханаға жеткізілді. Қалғаны қонақ үйлеріне оралған.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.
Оның айтуынша, катерде Қазақстанның төрт азаматы болған, олардың бәрінің жағдайы жақсы, әрі қарай демалып жатыр.
"Олардың екеуінің төлқұжаты жанып кеткен, консул ертең оларға уақытша құжаттарды береді, олар сол құжатпен Қазақстанға оралады", - деді Айбек Смадияров.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз