Алматыда найзағай ойнап, қар аралас жаңбыр жауады: коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді

Алматыда 5-6 сәуір аралығында жауын-шашын түседі деп болжанып отыр. Коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, 5 сәуір таңынан 6 сәуір түнге дейін 14 мм-ге дейін жауын-шашын, 15-20 м/с екпінді желмен бірге найзағай ойнайды. Таулы аймақта қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
"Ықтимал су басудың алдын алу және салдарын жою мақсатында коммуналдық қызметтің, құтқару қызметі мен ТЖД-ның барлық техникасы әзір. 4 200 қап құм дайындалған. Су басуы мүмкін учаскеде түнгі уақыттан бастап ассенизатор машинасы мен мотопомпа жабдықталған бригадалар кезекшілік атқарады", - деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар жауын-шашын кезеңінде жергілікті су басудың алдын алу және оларды жою үшін мотопомпалар мен арнайы құралдармен жабдықталған жедел бригадалар жұмыс істейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript