Енді мектептегі асханаларға ешқандай ескертусіз, аяқ-асты тексеру жүргізілетін болады

Мектеп асханасы, тексеру, ДСМ, өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2025 17:42 Сурет: gov.kz
Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улану жағдайы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды мемлекеттік бақылау тәсілдерін өзгерту қажеттігін көрсетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзумен байланысты проблемаларды жүйелі шешу үшін білім беру нысандарын мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірлегенін мәлімдеді

"Жаңа тәсілдер балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, объективті бағалау үшін тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастауға, сондай-ақ нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторингтік сапарларды енгізуге бағытталған", делінген министрлік хабарламасында. 

 Қазіргі уақытта ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қолданыстағы нормалар уәкілетті органдарға балалардың барлық болу нысандарын мемлекеттік бақылаумен толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының мектеп асханаларында балаларды топтық улану фактілері бойынша тапсырмасының шеңберінде  Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратурамен келісе отырып, Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізуде.

"Өңірде тексеру үшін барлығы 72 нысан айқындалды, бүгінгі таңда 14 мектеп ас блогы тексерулермен қамтылды. Улану жағдайларын тергеп-тексеру және мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  оқу-ағарту, денсаулық сақтау министрлігін, Бас прокуратураны қоса алғанда, мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды", - дейді құзырлы ведомство. 

 Денсаулық сақтау министрлігінен ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарының, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығынан 7 маман енгізілді.

Айта кетсек, 18 сәуірде Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы балалардың мектеп асханасында улану жағдайы ұят нәрсе екенін айтып, елімізде белең алған әлеуметтік алаяқтық түрін сынаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: