Маңғыстауда мектеп оқушыларының жаппай улануына қатысты жағдайға санитарлық дәрігерлер жауап берді

Пациенты в палате, палата, лечение, медицинское учреждение, больница, госпитализация, врач, доктор, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 11:55 Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысындағы мектеп оқушыларының жаппай улану жағдайы мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға мемлекеттік бақылаудың тәсілдерін өзгерту қажеттігін көрсетті. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2025 жылдың 28 сәуірдегі ақпаратқа сүйенсек, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына байланысты мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін комитет білім беру объектілерін мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі.

Олар балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, объективті бағалау үшін тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастауға, сондай-ақ нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторингтік сапарларды енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қолданыстағы нормалар уәкілетті органдарға балалардың барлық болу нысандарын мемлекеттік бақылаумен толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының мектеп асханаларында балаларды топтық улану фактілері бойынша тапсырмасының шеңберінде Бас прокуратурамен келісе отырып, Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізілуде.

"Өңірде тексеру үшін барлығы 72 нысан айқындалды, бүгінгі таңда 14 мектеп ас блогы тексерулермен қамтылды. Улану жағдайларын тергеп-тексеру және мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды." Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарының, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығынан 7 маман енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: