Маңғыстауда балалардың жаппай улануы: кінәлі адамға үкім шықты

Маңғыстауда балалардың жаппай улануы: кінәлі адамға үкім шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 18:30 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық соты 29 сәуір күні Бесшоқы ауылында мектеп оқушыларының жаппай улануына кінәлі деп танылған жеке кәсіпкер Динара Шәкеноваға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, сот Шәкенованы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 304-бабы 1-бөлігі (Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу, абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соғу) бойынша кінәлі деп танып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оған қоғамдық тамақтану саласында кәсіпкерлікпен айналысуға 3,5 жылға тыйым салынды.

Сот тергеуі барысында анықталғандай, айыпталушы мектеп асханасында жұмыс істеп жүріп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды өрескел бұзған, осының кесірінен 182 оқушы уланған.

Прокуратура Шәкеноваға екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын және үш жылға қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеуге тыйым салуды сұраған. Жәбірленушілер айыптауды қолдады. Ал айыпталушы мен оның қорғаушылары толық ақтауды талап етті.

Сот жеңілдететін жағдай ретінде айыпталушының бұрын сотталмағанын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: