Ақкөлде анасы ұлының қолына күрекпен ұрғаны үшін шартты жаза алды

Ақкөлде анасы ұлының қолына күрекпен ұрғаны үшін шартты жаза алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 18:46 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысы Ақкөл ауданында 2025 жылғы 18 шілдеде сот әйелді кәмелетке толмаған ұлына орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2024 жылғы қыркүйекте болған. Әйел ішімдік ішіп алып, 14 жастағы ұлымен жанжал кезінде оның қолына күрекпен соққы жасап, саусағына зақым келтірген.

"Кикілжіңге анасының ұлының музыкалық колонкасын рұқсатсыз алуы себеп болған. Жанжал кезінде жасөспірім бала анасын балағаттаған, сол сәтте әйел күрекпен сілтеген. Сотталушының айтуынша, ұру ниеті болмаған, бірақ ұлы қолын тосқанда соққы тиген", – делінген хабарламада.

Сот әйелдің әрекетін ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігі, 3 және 8-тармақтары бойынша (Кәмелетке толмағанға қатысты, қару ретінде қолданылған затпен орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана келтіру) деп саралады.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының кінәсін мойындауын, өкінуін және бұған дейін сотты болмағанын ескерді. Алкогольдік мас күйі ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

Сот шешімі бойынша, әйел бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, оған пробациялық бақылау белгіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: