Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы қандай болады: "Росатом" үлгісін ұсынды

Сонымен қатар, ҚР Атомдық энергия жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің түсіндіруінше, құрылыс аяқталғаннан кейін атом электр станциясының меншік иесі, операторы, уран шикізатының өндірушісі және барлық технологиялық процестердің иесі Қазақстан болады., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2025 10:50 Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz тілшісінің хабарлауынша, елдегі алғашқы АЭС салынуы жоспарланған Алматы облысындағы Үлкен кентінде атом электр станциясының макеті таныстырылды.

АЭС Балқаш көлінің жағасында "Росатом" мемлекеттік корпорациясы жетекшілік ететін халықаралық консорциумның қатысуымен салынатын болады.

Жұмыстың басталуына арналған салтанатты шараға "Росатом" басшысы Алексей Лихачёв келді.


"Қазақстандағы АЭС әлемдегі ең озық әрі тиімді жоба бойынша салынады, оның негізінде ресейлік технологиялар жатыр", – деп мәлімдеген болатын бұған дейін мемлекеттік корпорацияның бас директоры.

Сонымен қатар, ҚР Атомдық энергия жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің түсіндіруінше, құрылыс аяқталғаннан кейін атом электр станциясының меншік иесі, операторы, уран шикізатының өндірушісі және барлық технологиялық процестердің иесі Қазақстан болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: