Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарына жұмыс табу бұрынғыдан оңайырақ болады

Кездесу, Оңтүстік Корея, Қазақстан, шетелдегі жұмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2025 20:57 Сурет: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
Оңтүстік Кореяға нәпақа табуға барған Қазақстан азаматтары енді арнайы оқу тағылымдамасынан өтіп, заңды жұмыс істеуге мүмкіндік алмақ. Себебі Қазақстан оңтүстіккореялық шетелдік азаматтарға жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесіне қосылғалы жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған мәселе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев пен Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-иктің екіжақты кездесуі барысында талқыланды

Келіссөздер барысында тараптар елімізді оңтүстіккореялық шетелдік азаматтарға жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесіне – Employment Permit System (EPS) енгізу бойынша алдағы қадамдарды талқылады.

Асқарбек Ертаев Чжо Тэ-икті қазақстандық азаматтардың Корея Республикасында заңды, қауіпсіз және тәртіпке келтірілген жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан қабылдап жатқан шаралар кешені туралы хабардар етті.

Тараптар осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Вице-министр Корея Республикасының Елшілігіне сындарлы және татымды диалог үшін алғысын білдірді.

Айта кетсек, Employment Permit System (EPS) - Оңтүстік Кореяға шетелден келген біліктілігі төмен жұмысшыларға арналған мемлекеттік нұсқаулық. Бұл бағдарлама жұмысшыларды іріктеу саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: