Алматыда алдағы аптада аптап ыстық болады
Сурет: Zakon.kz
Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, жұмыс аптасының басында мегаполисте ыстық ауа райы сақталады, бірақ қалада өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Алматы бойынша 2025 жылғы 9–15 тамызға арналған ауа райы болжамы:
9 тамыз: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +20…+22°, күндіз қатты ыстық +34…+36°.
10-11 тамыз: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +20…+22°, күндіз қатты ыстық +34…+36°.
12 тамыз: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +20…+22°, күндіз қатты ыстық +34…+36°.
13 тамыз: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +22…+24°, күндіз қатты ыстық +35…+37°.
14 тамыз: Ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Түнде +23…+25°, күндіз +31…+33°.
15 тамыз: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Түнде +18…+20°, күндіз +27…+29°.