"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2025 14:00 Сурет: Zakon.kz
"Болашақ" халықаралық стипендиясы және "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. 

Оның ішінде 167 адам магистратурада, 13 адам докторантурада оқиды, ал 37-і әлемнің үздік университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді. 

Бұл ретте стипендиаттардың 67,7%-ы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша, ал 32,3%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды. 

Бұған қоса, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 68 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: