Айына 756 мың теңгеден бастап: шілде айында қандай мамандарға ең жоғары жалақы ұсынылды

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 13:57 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 12 тамызда Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткен айда жұмыс берушілер Enbek.kz электрондық еңбек биржасына қанша бос жұмыс орнын жариялағанын және ең жоғары жалақы қандай мамандық иелеріне ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, шілдеде жұмыс берушілер электронды еңбек биржасында 104,8 мың бос жұмыс орнын орналастырды, бұл маусыммен салыстырғанда 4,6 мыңға (4%) аз. Сонымен қатар, бір айда өтініш бергендердің саны 38 мыңға (34%) артты – 147,8 мың түйіндеме жарияланды.

Ең жоғары жалақы келесі мамандықтар бойынша ұсынылды:

  • ұшқыш (орта есеппен 1,8 млн теңгеден),
  • сынақ және жабдықты реттеу бөлімінің бастығы (~1,5 млн теңге)
  • IT саласындағы техникалық директор (~1,4 млн теңге).

Ал нақты сектор ұсынатын ең жоғары жалақы төленетін ашық лауазымдар:

  • тау-кен өнеркәсібіндегі учаске басшысының орынбасары (756 мың теңгеден),
  • учаске басшысы (~747 мың теңге),
  • бас құрылысшы (~668 мың теңге).

Шілдеде бос жұмыс орындарының айтарлықтай өсуін Алматы (+28%, 4,2 мыңға дейін) және Қызылорда (+20%, 2,8 мыңға дейін) облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы (+20%, 7,9 мыңға дейін) және Солтүстік Қазақстан облысы (+17%, 4,7 мыңға дейін) көрсетті. Бұл ретте бос жұмыс орындарының ең көп азаюы Жамбыл (-57%, 3,3 мыңға дейін) және Түркістан (-45%, 5,6 мыңға дейін) облыстарында байқалды.

Еңбек министрлігінің дерегінше, шілде айында бос жұмыс орындарын орналастырған жұмыс берушілердің көпшілігі келесі салаларды қарастырды.

  • білім беру (20 мыңнан астам бос жұмыс орны),
  • қызметтің басқа түрлетін көрсететін ұйымдар (16,5 мың),
  • денсаулық сақтау (10,6 мың) және өңдеу (7,7 мың бос орын).

Осы салалардың жиынтық үлесі барлық бос жұмыс орындарының 57%-ын құрады. Бұл ретте білім саласындағы әрбір төртінші бос орын Астана және Алматы қалаларында орналастырылды.

Нақты мамандықтардың ішінде жұмыс берушілер арасында ең көп сұранысқа ие болғандар

  • мейіргерлер (2,2 мың бос жұмыс орны),
  • тәрбиешілер (1,9 мың),
  • автокөлік жүргізушілері (1,8 мың) болды.
"Біліктілік талаптары бойынша сұраныс құрылымы жоғары білікті жұмыс күшіне ауысты – шілдеде 32,9 мың бос жұмыс орны орналастырылды (31,4%). Біліктілігі жоқ жұмысшыларға сұраныс та өсті – 44,3 мың бос жұмыс орны (42,3%). Орташа білікті жұмысшылар 26,3% жағдайда ғана (27,6 мың) іздестірілді",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, шілде айында түйіндемелердің саны барлық аймақтарда түгел өсім көрсетті. Бұл ретте жұмыс іздеушілердің белсенділігі бірінші кезекте Шымкент (+54%, 19,6 мың түйіндеме), Қызылорда (+46%, 9,3 мыңға дейін) және Атырау (+38%, 10,4 мыңға дейін) облыстарында айтарлықтай өсті.

"Осылайша, жаздың ортасына қарай маусымдық сұраныстың өсуінен кейін жұмыс берушілер белсенділігі ішінара түзетілді, бірақ жұмыс іздеушілердің қызығушылығы жалғасын табуда, әсіресе оқу орындарының қызметкерлері арасында жоғары білікті еңбек сегментінде байқалады".Еңбек министрлігі

Бұған дейін жаңа оқу жылында оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұрғандығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: