Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне "ұлттық" мәртебе берілді

Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне "ұлттық" мәртебе берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 17:47 Сурет: gov.kz
Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне "ұлттық" мәртебе берілді. Қуанышты хабарды мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Президент жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне "ұлттық" мәртебе берілді. Бұл – әділетті әрі тарихи шешім. Себебі 1991 жылға дейін Қазақстанда тек екі университет деңгейіндегі жоғары оқу орны болды: ҚазМУ және КарМУ (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Бұл факт КарМУ-дың сол кездегі де, бүгінгі де деңгейі мен әлеуетін айқын көрсетеді", – деп жазды Аймағамбетов.

Бұл бюджеттен бөлінетін қаржының артуына әсер етеді.

Осыған сай университеттегі ұстаздардың еңбекақысы өсіп, оқу ордасынык материалдық-техникалық базасы дамиды.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (1972 жылы құрылды) – 1992 жылдан бері академик Е.Бөкетовтың есімімен аталады (оған дейін педагогикалық институт; 1972 — мемлекеттік университет ретінде қайта құрылды)

Бүгінде университетте шамамен 13 мың студент білім алып жатыр, 13 факультет пен 48 кафедра қызмет көрсетеді.

2024 жылы оқу орнына "зерттеу университеті" мәртебесі берілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: