Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды дер кезінде ұстап қалды

Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды дер кезінде ұстап қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 22:20 Сурет: polisia.kz
Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 тамыз күні сағат 15:26 шамасында Атырау қаласында ер адам көпірден секірмек болды. Оқиға туралы хабар түскен сәтте Атырау қалалық полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мирас Өтепов жедел түрде оқиға орнына жетіп, ер адамды дер кезінде ұстап қалды.

Оны қауіпсіз жерге шығаруға полиция қызметкерлері Жандарбек Жаңбырбаев пен Фархат Базарбаев та көмек көрсетті.

Нәтижесінде 41 жастағы азамат құтқарылып, жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қазіргі уақытта оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: