Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілін қабылдады

Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілін қабылдады , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2025 12:32 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 тамызда Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, кездесуде адам құқықтарын қорғау, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Баян Жалмағанбетова Мемлекет басшысына аталған салаға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.

"Президент 2023 жылдың желтоқсан айында арнайы Жарлықпен Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары бекітілгенін атап өтіп, омбудсмен және оның өкілдері осы құжатты тиімді жүзеге асыру ісінде негізгі институт рөлін атқаратынына назар аударды". Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық белсенділік танытқаны үшін Баян Жалмағанбетоваға ризашылығын білдіріп, басқа өңірлер елордаға қарап бой түзейтінін, сондықтан бұл істе оған айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтты.

Президент мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын шешу үшін әкімдікпен және министрліктермен тығыз жұмыс істеу, үкіметтік емес ұйымдарды ортақ іске жұмылдыру маңызды екеніне тоқталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: