"Бұршақ, тұман, найзағай". Жұмада еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pixabay
Астанада 15 тамызда кей уақыттарда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Таңертең және күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 15 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 15 тамызда күндіз найзағай ойнап, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан желдің тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда да 15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 15 тамызда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 15 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Павлодар облысының шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 15 тамызда найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 15 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында оңтүстік- батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін, Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан аса мөлшерде болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 15 тамызда найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік- батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 15 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 15 тамызда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда 15 тамызда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 15 тамызда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 15 тамызда кей уақыттарда найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 15 тамызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 15 тамызда найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 15 тамызда найзағай ойнайды деп күтіледі.
Қостанай облысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 15 тамызда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.