Тамыздағы ҰБТ-да талапкерлердің қаншасы шекті балл жинады
Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Тамыздағы ҰБТ-ға 25 мың адам қатысты. Олардың 58%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл – 56, ең жоғары нәтиже – 134 балл, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қолайлы жағдай жасалғандықтан, тамыздағы ҰБТ-ға 112 үміткер қатысты.
"ҰБТ өткізу кезеңінде 103 ереже бұзу дерегі анықталды. Олардың ішінде смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеттері болды. Осы себепті 37 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу барысында ережені бұзғаны үшін аудиториядан 66 адам шығарылды. Ауыстырып кіргізілген адамдар анықталған жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.
2025 жылғы ҰБТ аяқталған соң 31 қазанға дейін бейнежазбалар талданады.
Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже бұзу фактілері анықталса, талапкердің тест нәтижесі жойылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript