Наурыз ҰБТ-сы аяқталды: талапкерлердің 75%-ға жуығы шекті балл жинады

ҰБТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2024 17:22 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
117 мыңға жуық адам наурыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 76,1%-ы қазақ тілінде, 23,8%-ы орыс тілінде, 117 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰБТ басталғалы шекті балды 75%-ға жуық талапкер жинады.

"Орташа балға келсек, бұл – 69 балл. Ең жоғары балл – 137. Жалпы, 118 талапкер 130-дан жоғары балл жинады. Тестке қатысушылардың басым бөлігі "Биология-Химия" комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 19%-ы тапсырды. "Математика-Физика" пәндерін 17% таңдаған. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 12%-ы таңдаған "Математика-Информатика" комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 121 адам тапсырған". Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында наурыз ҰБТ-сына 252 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: