Жаңалықтар тізбегі
0

ҰБТ-ның алғашқы аптасы: талапкерлердің 24%-ы шекті балл жинай алмады

ҰБТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 23:30 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 70%-ы қазақ тілінде, 30%-ы орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰБТ басталғалы шекті балды 76 пайызға жуық талапкер жинады. Орташа балл - 68. Ең жоғары балл – 137.

"Негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді. Естеріңізге салсам, тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы "Математика-Физика" пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-ы "Биология-Химия" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалатын комбинация – "Химия-Физика", оны 50 адам тапсырған". Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев

ҰБТ-ға бірінші аптада ерекше білім беру қажеттіліктері бар 108 талапкер қатысқан.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде пайда болады.

Бүгінгі таңда 50 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 39 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: