Жаңалықтар тізбегі
0

ҰБТ-ның аралық нәтижеcі: 32 талапкер смартфон мен шпаргалканың кесірінен тест тапсыра алмай қалды

ҰБТ-ның аралық нәтижелері: 32 талапкер смартфондар мен шпаргалканың кесірінен тест тапсыра алмай қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 17:10 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 30 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 69%-ы қазақ тілінде, 31%-ы орыс тілінде, 40 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰБТ басталғалы шекті балды 71% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 64 балды құрады. Ең жоғары балл – 136.

16 мамырда басталған 2024 жылғы негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 186 мың талапкерден 342 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы "Шығармашылық емтихан", 18%-ы "Математика-Физика" пәндер комбинациясын тапсырды. 11%-ы "Математика-Информатика" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 45 адам тапсырған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға бірінші аптада 102 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Бүгінгі таңда 41 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 32 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 9 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетейік, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: