Қазақстан мен Өзбекстан әуе рейстері санын арттыруға келісті

Қазақстан мен Өзбекстан әуе рейстері санын арттыруға келісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2025 21:45 Сурет: Азаматтық авиация комитеті
Орталық Азия – Қытай (С5+1) форматындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы конференциясы аясында 15 тамыз күні Қазақстан мен Өзбекстанның авиация биліктері арасында келіссөздер өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімге сәйкес, екі елдің белгіленген әуе тасымалдаушыларына Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына 42 рейске дейін, ал басқа бағыттар бойынша аптасына 14 рейске дейін ұшуға рұқсат берілді.

Сондай-ақ тараптар елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындау үшін тағайындалған пункттер санын арттыруға уағдаласты.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқаны атап өтілді.

Мысалы, 2025 жылғы 3 шілдеден бастап Өзбекстанның My Freighter (Centrum Air) әуе компаниясы Ақтау – Нукус бағыты бойынша аптасына екі рейс орындай бастады. Ал Fly Arystan әуе компаниясы 2025 жылғы 15 шілдеден бастап Атырау – Ташкент бағыты бойынша аптасына үш рейс жасайтын әуе қатынасын ашты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: