Шерзат Полаттың ісі: апелляциялық сот не шешті

Шерзат Полаттың ісі: апелляциялық сот не шешті , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 12:56 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылғы 19 тамызда Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық тәртіпте Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған тоғыз адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметі бірінші сатыдағы соттың үкімін еске салды:

  • Абзал Шынасыл ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 5,9,14-тармақтары (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (кісі өлтіруге оқталу), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстардың жиынтығы бойынша 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
  • Равиль Сакиев ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 7,9-тармақтары (кісі өлтіруге оқталу), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
  • Азамат Тоқтаубаев ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша кінәлі деп танылып, бұрынғы сотталғанын ескере отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
  • Нұрқияс Ильясов ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, бұрынғы сотталғанын ескере отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
  • Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белгожаев, Дидар Қалиахмет ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
  • Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ ҚР ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. 

Моральдық зиянды өтеу үшін өндіріп алу туралы қаулы етілді:

  • Абзал Шынасылдан – 60 млн теңге,
  • Равтль Сакиевтен – 30 млн теңге,
  • қалған сотталғандардан және Сакиевтен бірлесіп – 30 млн теңге.

Кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа қатысты жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.

Сонымен қатар, сот куәгерлер Д. Жақсыгелді, Э. Нұрбекова, А. Казакенов және Ю. Рузбакиевтің әрекеттерінде қылмыс белгілері болуы мүмкіндігіне прокурордың назарын аудару туралы жеке қаулы шығарды.

"Соттың үкімімен келіспеген сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық тәртіппен шағымданды. Бірінші сатыдағы соттың жеке қаулысына қатысты адвокат Сыдықбеков Д. куәгер Жақсыгелді Д.-ның мүддесінде жеке шағым түсірді",-делінген ақпаратта. 

Апелляциялық сатының шешімі:

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысымен үкім мен жеке қаулы өзгеріссіз қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: