Қостанай сотында дәрігерді соққыға жығу дерегі бойынша апелляциялық шағым қаралды

Дәрігер, хирург, уролог, ұрып-соғу, Қостанай, сот, апелляциялық шағым  , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 20:48 Сурет: pixabay
Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы хирург дәрігерді ұрып-соғу дерегі бойынша жәбірленушінің адвокаты берген апелляциялық шағымды қарады. Алдында шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, биылғы жылдың шілде айында сотталушы қабылдау кезінде уролог-дәрігермен жанжалдасып, әдейі оның ауыз тұсына жұдырық сілтеген, соққыдан жәбірленуші еденге құлап, шүйдесімен қабырғаға соғылған.​

Салдарынан дәгірер жабық бассүйек-ми жарақатын алып, ол денсаулыққа ауыр зиян келтіру ретінде бағаланған.​

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен ер адам абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.​

Жазаны анықтау кезінде сот ҚР ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігі 1-тармағын басшылыққа алып, яғни ауырлататын мән-жайлар болмаған және жасалған қылмыстың құрамында көрсетілмеген жеңілдететін мән-жай болған жағдайда, кішігірім ауырлықтағы қылмыс үшін негізгі жаза мерзімі немесе мөлшері оның жартысынан аспауға тиіс екенін ескерген.​ Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімімен келісіп, оны өзгеріссіз қалдырды.

Бұған дейін Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында абайсызда жеті адамның өлiмiне әкеліп соққан жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: