Пандемия кезіндегі алаяқтық: Жамбыл облысында аудандық білім бөлімінің экс-басшысына қатысты іс қайта қаралды

Сот үкімі, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, пандемия, білім бөлімінің экс-басшысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 20:55 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бұрынғы басшысы Нұрәлиевке және "BSB Trade&Advertising" ЖШС директоры Темірғалиға қатысты алдында шығарылған сот үкімін қайта қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар пандемия кезеңінде Байзақ ауданы мектеп оқушыларына қашықтан оқытуға арналған кеңсе техникасын сатып алу барысында лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды және 17 007 036 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған.

"2025 жылы 21 қаңтарда Жоғарғы сот ҚР Бас Прокурорының наразылығы бойынша Тараз қаласы №2 сотының 2024 жылғы 26 наурыздағы Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің бұрынғы басшысы Н.Нұраәлиев пен "BSB Trade&Advertising" ЖШС директоры Б.Темірғалиға қатысты ақтау үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі Жамбыл облыстық сотына жаңадан қарауға жіберген", делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.

Нәтижесінде 2025 жылы 30 мамырда Жамбыл облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының айыптау үкімімен Н.Нұрәлиев ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі (салғырттық) бойынша кінәлі деп танылып, ҚК-нің 71-бабы 1-бөлігі 3-тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босатылды. Ал "BSB Trade&Advertising" ЖШС директоры Б.Темірғали ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге шартты жаза тағайындалды.

Апелляциялық сот үкімі жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді.

Бұған дейін ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңгеден астам қаражат ұрланып, жоғары лауазымды тұлға ұсталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: