Степногорскіде анасы 7 айлық сәбиімен жетінші қабаттан құлап қаза тапты
Сурет: pixabay
Степногорскіде анасы мен жеті айлық сәбиі жетінші қабаттың терезесінен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталының жазуынша, қайғылы оқиға 2025 жылғы 19 тамызда таңғы шамамен 05:00-де болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел туыстарының үйінде қонақта болған.
"Ол қолындағы жеті айлық қызымен бірге терезеден құлап кеткен. Анасы мен сәбиі оқиға орнында көз жұмды", - деп жазады басылым.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, тек Астананың өзінде 2025 жылдың басынан бері балалардың терезеден құлауына қатысты 59 жағдай тіркелген, оның 16-сы қаза тапқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript