Оралда 23 жастағы жігіт бұрынғы қызын үш жыл бойы бопсалап келген
Сурет: polisia.kz
Оралда 23 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы анықтағандай, күдікті үш жыл бойы бұрынғы қызының интим сипаттағы фотосуреттерін интернетке таратамын деп қорқытып, одан ақша талап еткен.
"Осы уақыт аралығында жәбірленуші оған 9 миллион теңге берген. Бопсалау фактілері банктік аударымдармен және мессенджердегі хат-хабарлармен дәлелденген", - делінген полиция тартқан хабарламада.
Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты кезекті рет алған сәтінде қылмыс үстінде ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Істің тергелуі департамент басшылығының бақылауында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript