Оралда жүргізуші куәлігінсіз және нөмірсіз жүрген жігіт ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2023 09:30 Сурет: видео скрині
Оралда жүргізуші куәлігінсіз және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген 21 жастағы тұрғын ұсталды, ер адам Prizma stop бағдарламасының көмегімен құрықталған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол ережесін бұзғаны үшін жалпы айыппұл сомасы шамамен 700 мың теңге болған.

Полицейлер ұстағанда көлік жүргізген жігіт жасырынуға тырысып, тіпті қарсылық көрсеткен.

Жас жігіттің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 4-бөлігі және 590-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: