Елордада бір көліктен газ тапаншасы мен 12 мемлекеттік нөмір табылды

Тексеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 23:37 Сурет: видеодан алынды
32 жастағы ер адам Toyota Camry маркалы автокөлігімен мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүйткіп жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам сағат 11:54-те Тұран даңғылы бойында ұсталды. Тексеру барысында одан есептен шығарылған 12 мемлекеттік нөмір, жиналмалы пышақ, газ тапаншасы және төрт оқ-дәрі табылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Сараптама тағайындалды.

Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: