Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 20:31 Сурет: Zakon.kz
Жароков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

1-кезең: 20 тамыз сағат 08:00-ден 21 тамыз сағат 06:00-ге дейін әл-Фараби даңғылынан Қожанов көшесіне дейінгі бөлік жабылады.

2-кезең: 21 тамыз сағат 08:00-ден 22 тамыз сағат 06:00-ге дейін Қожанов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі аралық жабылады.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақтайшалар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: