Алматыда Тілендиев көшесінің бір бөлігі түнде жабылады
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыда Тілендиев көшесінің белгілі бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шектеу 27 тамыз сағат 22:00-ден 28 тамыз сағат 06:00-ге дейін күшінде болады.
"Қозғалыс Райымбек батыр даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі аралықта тоқтатылады", - деп хабарлады мегаполис әкімдігі.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, сондай-ақ мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген стендтер орнатылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript